Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сіздің пікіріңізше, біртұтас кедендік кеңістіктің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?



- Кедендік одақтың жұмыс істеуі тауар айналымының деңгейіне және жалпы алғанда үш ел арасындағы экономикалық байланыстарға қалайша әсер етеді?

- Кедендік одақтың құрылуы үш ел арасындағы экономикалық байланыстардың жеделдеуіне, тауар айналымының өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл экономикалық кедергілерді алып тастаудың сөзсіз әсері. ЕурАзЭҚ сарапшылары үш елдің өзара саудасындағы кедендік кедергілерді жою 2015 жылы «интеграцияланған үштіктің» ІЖӨ өсуін 15-20 пайызға қамтамасыз етеді деп болжамдайды. Қазіргі дағдарыс жағдайындағы тауар айналымының төмендеп бара жатқаны басқа мәселе. Мысалы, 2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 9,1 млрд. АҚШ долларына азайды - бұл өткен жылғы көрсеткіштен 40 пайызға аз. Алайда экономиканы қалпына келтіру тауар айналымымен бірге жүретіні айқын.

- Сіздің пікіріңізше, біртұтас кедендік кеңістіктің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

- Біртұтас кедендік кеңістік құрылған жағдайда Кедендік одаққа енетін елдердің бизнесі үшін пайданың анық екені түсінікті: рынок, атап айтқанда өз өнімдерін сату кеңейе түседі. Кедендік одақ кеңістігі ішіндегі кедендік төлемдерді төлеу қажеттілігіне байланысты шегерімдер жойылады. Нәтижесінде, айталық, өндіріске арналған шикізат тезірек және барынша арзан бағамен жеткізілетін болады. Сонымен қатар, кооперация үшін барынша кең мүмкіндіктер ашылады. Мысалы, 2010-2011 жылдарға арналған Минскі мен Астана экономикалық ынтымақтастық жоспары жалпы сомасы үш млрд. АҚШ долларының 30-ға жуық бірлескен жобаларын көздеп отыр. Осы тұрғыда Кедендік одақтың басымдықтарын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлер үшін басты проблема - бәсекелестіктің өсуі. Бұл әсіресе, Кедендік одақтың белгілі бір елдеріндегі жұмыстар үшін барынша қолайлы жағдай құрылғанға қатысты. Мұндай жағдайда, одақ бойынша елдерден шыққан олардың бәсекелестеріне ауыр болады. Сонымен қатар, қорғанышты алымдар есебінен «қалқып» жүрген компанияларда проблемалар туындауы мүмкін.

Тағы бір даусыз басымдық - сыбайлас жемқорлық сұлбасын жою.

Бұлар жекелеген басымдықтар мен кемшіліктер - Кедендік одақтың қызмет етуінің барлық тетіктері айқындалғаннан кейін ғана белгілі болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.