Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі



С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі

№6сабақ

Пән: «1С:Бухгалтерия бағдарламасы бойынша бухгалтерлік есепті автоматтандыру»

 

Топ:У2Б            Күні:14.05.2020 жыл    Уақыты:14.00-14.30

Пән оқытушысы:Хурмет Жигер

Сабақ тақырыбы. Анықтамалықтар. Анықтамалықты қарап шығу.
Дәріс сұрақтары:

1. Анықтамалықтарды ұйымдастыру

2. Анықтамалықты қарап шығу.

1.Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады.1С Бухгалтерия жүйесінде көп деңгеңгейлі анықтамалықтар (10 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұұл шоттар бойынша шоттар көп деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік беріледі.Жүйеде бағынышыты анықтамалықтар механизмі қарастырылған.Мұндай механизм әр түрлі анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірілігі, тағы басқаларын байланыстыруға мүмкіндік береді.Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір элемент негізгі анықтамалықтың нақты бір элементімен байланысты. Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағымдағы элементі болып табылады. Мысалы, ұйымның анықтамалығында курсор нақты ээлементке қойылған болса, онда оның бағынышты келісім шарттар анықтамалығында тек ағымдағы ұйымның келісім шарттары туралы деректер шығарады.

Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүргізіледі:

· Анықтамалықтан элементті таңдау;

· Анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.

Қарап шығу және таңдау режимніде анықтамалықтарды программаның басты менюнен, құралдар тақтасынан. Басқа формалардың немесе басқа амалдардың кнопкасын басу арқылы ашуға болады.

Таңдау режимінде субконто мәнін,тұрақтыларды, басқа анықтамалық деректемелерін немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін таңдау арқылы анықтамалықты ашуға болады.Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, Enter пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті кнопканы басу арқылы түзетілетін деректемені немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті енгізе аласыз.

Анықтамалық формасына программаның басты менюіндегі «Амалдар (Операции)» пунктінен «Анықтамалық (Справочник)» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.Экранға жүйедегі тізімде бар анықтамалықтар тізімі шығады.

Маустың немесе перненің көмегімен тізімнен керекті анықтамалықтың атауын тандап Ок кнопкасын басыңыз. Егер анықтамалық көп элементтен және көп бағанадан тұрса, онда анықтамалық кестесіне оның нақты бөлігі шығады, ал кестенің сол жағына және төменгі бөлігіне қарау сызығы шығады.Егер ағымдағы анықтамалық үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Сатылы (Иерархиялық)» тізім командасы таңдалған болса, онда анықтамалық бағанасының сол жағына жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады:

· --- бұл жолдың анықтамалық элементін көрсетеді

· --- бұл жол анықтамалық тобына сәйкес келеді.Топтардың тақырыбы анықтамалық тізімнің жоғарғы жағында орналасқан.Маустың сол сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін анықтамалық элементін таңдауға болады

· --- бұл жол қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді.Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.

Бұдан басқа анықтамалықтар элементін және анықтамалық тобын жоюға арналған шартты белгілер болуы мүмкін.

2.Анықтамалықты қарап шығу.

Анықтамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі және анықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:

· Кестедегі керекті топ атауының таңбасына маустың көмегімен екі рет басу немесе

· Курсорды керекті топ атауына қойып Ctrl+төменгі сызық немесе

· Курсорды керекті менюдегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Келесі деңгей (Следуйшии уровень)» командасын таңдау.

Осы әрекеттердің нәтижеснде таңдалған топ ашылады --- таңбасы --- таңбасына ауысады. Осы топ атауы және жоғарғы деңгейдегі барлық топтардың атауы кестенің бірінші жолында көрсетіледі. Алдыңғы деңгейге қайта оралу үшін Ctrl+жоғарғы сызық пернесінің командасын басыңыз.Егер бірнеше деңгейді аттап өткіңіз келсе, керекті жолдағы топ атауының таңбасына --- маустың көмегімен екі рет басыңыз.
Өзін-өзі тексерусұрақтары:

1. Анықтамалықтар деген не?

2. Анықтамалықпен жұмыстың қандай режимдері бар?

3. Анықтамалықтан элементті қалай таңдауға болады?

4. Анықтамалықтағы жолдың қандай түрлері бар?

8.1 Негізгі әдебиеттер

1. 1С: Предприятие 8. Конфигурация, Бухгалтерия для Казахстана. Редакция 2.0 (Руководство по ведению учета). Москва. Фирма «1С», 2015г.

2. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық ІІ.-Қарағанды, 2012

3. Васючков Е.Ф.,Сапа Т.И. 1С:Предприятие 7.7, 8 Бухгалтерский учет для Казахстана.-Алматы, 2017г.

4. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2016.

5. Баймұханова, С.Б. Қаржылық есеп.- Алматы, 2017

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.