Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Рамазан айының және ораза ұстаудың артықшылығы



Рамазан айының және ораза ұстаудың артықшылығы

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болcын) былай дейді: «Рамазан келгенде Жәннаттың қақпалары ашылады да, Тозақтың қақпалары жабылады және шайтандар шынжырларға бұғауланады» (әл-Бухари 1899, Муслим 1079).

Хафиз ибн Ражаб осы хадисті келтірген соң былай деді: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын Рамазанның келуімен құттықтайтын. Ғалымдар: «Бұл хадис адамдар бір-бірін Рамазан айының келуімен құттықтауына рұқсат етілгеніне негіз болып табылады», — деген» (қараңыз: “әл-Ләтаиф” 279).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дейді: «Рамазан айының алғашқы түні келгенде жындардың ма`арид (атты) шайтандары кісендерге бұғауланады; Тозақтың бірде-бір есігі қалдырылмай бәрі жабылады, Жәннаттың бірде-бір есігі қалдырылмай бәрі ашылады, содан бір үндеуші: «Әй, жақсылыққа ұмтылушы, (жақсылықтарыңды) баста! Әй, жамандыққа ұмтылушы, тоқта!», — деп шақырады. Бұл айдың ішінде Аллаһтың алдында сондай адамдар болады: олар Тозақтағы азаптан босатылады; ал мұндай босатылу рамазанның әрбір түнінде болып тұрады» (әт-Тирмизи 682, Ибн Мәжаһ 1642, әл-Хаким 1/421. Сахихтығын шейх Әлбани растаған).

Ма`арид шайтандары – бұл жындардан болған алып қуатты шайтандар.

Осыдан түсінетініміз, рамазан айында кісендерге барлық шайтандар бұғауланбайды, бірақ, Ибн Хузайма өзінің «Сахихында» (3/188) айтқандай, тек олардың қатарындағы ма`аридтері ғана бекітіледі.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазандағы умра – қажылықпен тең», – деген (әл-Бухари 1863, Муслим 1256).

Хадисте рамазан айында жасалған `умраның сауабы қажылықтың сауабымен тең екені айтылуда, бірақ бұдан біз рамазандағы `умраны нағыз қажылықтың орнына жүреді деп ойлап қалмауымыз керек (қараңыз: Имам Ибн Батталдің “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 4/438 және имам ән-Нәуауидің “Шарх «Сахих» Муслим” 9/285).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Шынында, Аллаһ Тағаланың алдында сондай адамдар бар: Аллаһ оларды рамазанның әрбір күндізі мен түнінде Оттан босатады. Және шынында, әрбір мұсылман рамазанның түнінде де, күндізінде де өзінің дұғасына жауап алып отырады» (әл-Баззар. Сахих хадис. «Сахих ат-Тарғиб» 1002).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы былай деген: «Кімде-кім рамазан айында Аллаһтың сыйына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» (әл-Бухари 38, Муслим 760).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және былай деді: «Бес парыз намазды орындау, алдынғы жұма намазынан кейінгі келесі жұма намазына қатысу және әр рамазан келген сайын ораза ұстау олардың арасында істелген күнәларды өтейді, тек егер олардың арасында ауыр күнәлар болмаған болса» (Муслим 233).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.