Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақ 5: ЖҰМЫС КҮШІ



Сұрақ 5: ЖҰМЫС КҮШІ                 

 

Жұмыс күшінің құрылымы туралы ақпараттар алдында келтірілген диаграмма түрінде беріледі, бірақ оны басқа тәсілдермен де ұсынуға болады, мысалы, ауызша сипаттау арқылы, график түрінде, кесте немесе диаграмманың басқа түрінде, мысалы, шеңбер түрінде.

Алдында ұсынылған диаграмманың таңдап алынған себебі, ол мыналарды көрсетуге неғұрлым қолайлы:

A уақыт өзгерісі.   

B елдің барлық халқының саны.           

C

 
әр бөлінген топ құрамына кіретін, халық категориясы.      

D халықтың әр тобының саны.  

 


ПОЛИЦИЯ

Полициялардың ғылыми қарулары

 


Кісі өлтіру оқиғасы болды, бірақ күдікті құрбан болған адамды білмейтінін айтады. Ол оны ешқашан білмегенін, жолдары ешқашан түйіспегенін, оны ешқашан саусағымен де түртпегенін айтады… Полиция мен сот оның өтірік айтып тұрғанына сенімді. Бірақ қалай дәлелдеу керек?

 


Қылмыс болған жерден тергеушілер айғақ болатын әр ұсақ-түйекті: жіптерді, шашты, саусақ таңбаларды, темекі тұқылдарын жинап алады. Құрбан болған адамның кеудешесінен табылған бірнеше шаш жирен болып шықты. Және олар күдіктінің шашына өте ұқсас болды. Егер бұл шаш күдіктінікі екенін дәлелдейтін болса, онда ол өлтірілген адаммен кездескен болып шығады.  


Әр адам өздігінше қайталанбас

Мамандар жұмысқа кірісті. Олар мұқият шаштың түбірінен алынған клеткалар мен күдіктінің қанының клеткаларын қарап шықты. Біздің ағзамыздағы әр клетканың ядросында ДНҚ бар. Бұл не? ДНҚ екі оратылып маржан жіптен жасалған моншаққа ұқсас болады. Маржандар белгілі бір тәртіппен тізбектелген төрт әр түрлі түстен және әр түрлі мыңдаған (генді құрайтын) маржандардан тұрады деп елестетейік. Енді осындай тәртіп әр адамның ағзасындағы жасушаларда сақталады: ол шаштың түбірінде де, аяқтың үлкен бақайында да, бауырда да, асқазанда да, қанда да бірдей. Әр адамда маржандардың орналасу тәртібі әр түрлі.  Маржандардың санын есептесек, әр адамдағы тізілген маржандар тізбегінің бірдей болу мүмкіндігі өте аз. Мұндай жағдай егіздерде ғана болуы мүмкін. Сондықтан, ДНҚ тұлғаның генетикалық куәлігі қызметін атқарады.  

Сонымен, генетиктер күдіктінің генетикалық куәлігін (оның қанынан сынама алынады) жирен шаштан алынған ДНҚ үлгісімен салыстырады.

Егер бұл генетикалық куәліктер бірдей болса, ол танымаймын деген құрбан болған адамды кездестіргені анық болады.

 

Айғақтың кішкене ғана бөлігі

Жиі-жиі зорлауға, кісі өлтіруге, ұрлыққа байланысты қылмыстарда полицияларға генетикалық сараптама жасауға тура келеді. Неге? Екі адамның, екі заттың, немесе адам мен заттың бір-бірімен байланыста болғанына айғақ табу үшін. Мұндай байланысты тексеру көбінесе тергеуге пайдасын тигізеді, бірақ, ылғи да айғақпен қамтамасыз ете бермейді. Бұл көптеген айғақтардың ішіндегісінің кішкене ғана бөлігі. 

Анне Версаль

Біз миллиардтаған жасушалардан тұрамыз

Жердегі тірі ағзаның барлығы мыңдаған жасушалар санынан құралады. Әр жасуша өте кішкентай. Өте кішкентай болғаны соншалықты, оларды көп есе үлкейтетін микроскоптың көмегімен ғана көруге болады. ДНҚ орналасқан әр жасушада мембрана және ядро бар.
Генетикалық        куәлік?

ДНҚ әрқайсысы мыңдаған «маржаннан» тұратын, гендердің жиынтығынан тұрады. Осы гендердің барлығының бірге жиналуы, жеке адамның генетикалық куәлігін құрайды.

 

Тұлғаның генетикалық куәлігін қалай ажыратуға болады?

Генетик өлген адамнан табылған бірнеше шаштың тірі жасушаларын немесе темекі тұқылында қалған сілекейін алады. Ол бұл заттардың барлығын жасушадағы ДНҚ айналасындағылардың барлығын жоятын бір затпен араластырады. Бұл операция күдікті қанынан алынған жасушалармен де жасалады. Содан кейін ДНҚ арнайы сараптамаға дайындалады. Бұдан кейін ДНҚ арнайы бір сұйықтықпен араластырылады, ал осы сұйықтықтың бойымен ток жүргізіледі. Бірнеше сағаттан кейін штрих-код (азық-түлік қораптарының сыртында болатын штрих-кодқа ұқсас) сияқты жолақтар көріне бастайды. Және бұл жолақтар арнайы жарықпен көрінеді. Күдіктінің ДНҚ штрих-коды өлген адамнан табылған шаштардан алынған осындай штрих-кодпен салыстырылады.


 
Сұрақтарға жауап беру үшін журнал мақаласын пайдаланыңыз.


Сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда берілген журнал мақаласын пайдаланыңдар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.